1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

2018 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін қызмет көрсететін медицина ұйымдарының тізімі жарияланды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакеті шеңберінде қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарының тізімін жариялады (ТМККК-не кіретін қызмет түрлерінің нақты тізімі: https://fms.kz/sites/default/files/basic_page_files/gobmp.pdf).

Кепілдендірілген көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсететін медицина мекемелерінің тізімін Қордың ресми сайтынан ("ТМККК жеткізушілерінің тізімі"), ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының[i] сайтынан табуға болады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күні республикалық бюджеттен кепілдендірілген тегін көмекке деп бөлінетін қаржының дені жеткізушілер арасында бөліске салынды. Қаржының қалған бөлігі денсаулық саласының басымдық берілген бағыттарын дамыту, барлық жерде пациенттерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін, азаматтардың емдеу мекемесін таңдау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ескере отырып бөлінбек. Атап айтқанда, ол стационарлық көмек, стационарды алмастыратын көмек, консультативтік-диагностикалық және мамандандырылған көмекке қосымша берілетін болады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2018 жылы медициналық қызметтерді бөлу жөніндегі аймақтық және республикалық комиссиялар өтініш берген 1377 ұйымды заң талаптарына сай деп танып, олармен келісімшарт бекіту туралы шешім қабылдады. Комиссиялар құрамында "Атамекен" ҰКП, Денсаулық сақтау министрлігі және өзге қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

Қорыта айтқанда, 2018 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қазақстандықтарға 600-ге жуық жеке меншік клиника тегін қызмет көрсетпек. Оның 43 пайызы жеке меншік клиникалар.  Яғни, жеке меншік клиникалардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 130-ға артып отыр. Ал, жеке клиникалармен бекітілген келісімшарт сомасы биыл 85 млрд теңгені құрады. Бұл да алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден 2 есе көп.

[i]Тізім 2018 жылдың 11 қаңтарында жарияланды. Тізім жыл бойы толықтырылып отырады.

12.01.2018
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу